$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Наурыз мерекесіне орай Қазақстанда әуе рейстері көбейеді

Наурыз мерекесіне орай Қазақстанда әуе рейстері көбейеді

Наурыз мерекесіне орай Қазақстанда әуе рейстерінің саны артады. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, наурыздың орта шенінен ай соңына дейін ел ішіндегі сұраныс жоғары бағыттар бойынша 146 қосымша рейс орындалады. Олардың басым бөлігі Алматы мен Астана қалалары арасында жоспарланған. Бұл бағытта 80 рейс қатынайды. Сонымен қатар, Алматы-Астана бағыты бойынша тағы 4 рейс қосылады. Шымкент-Астана және Ақтау-Астана бағыттары бойынша бір-бір қосымша рейс қарастырылған. Бұл шешім мереке күндері жолаушылар легін тиімді реттеуге бағытталған.

ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Сонымен қатар, Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейстер ұшады деген жоспар бар. SCAT әуе компаниясы өз кезегінде 19–21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс, сондай-ақ Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс ашады.