$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралға ұшқан ұшақта дәрігер жүкті әйелді құтқарып қалды

20.03.2026ж. 22:21
Оралға ұшқан ұшақта дәрігер жүкті әйелді құтқарып қалды
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысының көпбейінді ауруханасының дәрігері Таубай Байжекенов Астанадан Оралға ұшып бара жатқан ұшақ бортында толғағы басталған жүкті әйелді құтқарып қалды.

Астанадан Оралға ұшып бара жатқан ұшақта 27 апталық жүкті әйелдің толғағы басталған. Сол сәтте бортта болған дәрігер Таубай Байжекенов жедел көмек көрсетіп, баланы босандырып алды. 

Ұл бала аман-есен дүниеге келіп, ұшақ Астанаға шұғыл қонды. Ана мен баланың жағдайы тұрақты, олар жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.