$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Қазақстандықтар қауіпсіз азық-түлікті таңдайды

AstanaTV
03.08.2017ж. 20:00
3918
Қазақстандықтар қауіпсіз азық-түлікті таңдайды

Елімізде жыл басынан 11 тонна азық-түлік нормалық талаптарға сай болмағандықтан, өндірістен алып тасталынған. Ал азық-түлікке қатысты санитарлық ережелерді бұзғаны үшін, әкімшілік жазаға 694 млн теңгені құрайтын 18087 факті тіркелген. Қазір жер жерде әр сауда орталықтарында «Қауіпсіз азық-түлікті таңда» акциясы жүргізіліп жатыр. Бұл жерде сапалы азық алам деушілер алдын ала сатып алынған азықтарын жедел тексерістен өткізіп ала алады.

Кешегі сүт дейді, бүгін алдым, көрейін дегенмін ғой. Нәтижесі тез.

Ал елордалық тұтынушы Ақмарал Елубаева, ақшасының желге ұшпауы үшін, алдын ала сақтық шараларын үнемі ұстанады. Сатып алынған тағам өнімдерін базардан кетпей алдын ала тексеріп алады. Аузы күйген үрлеп ішеді. Бұрын келеңсіз жағдайларға тап болған қала тұрғынының бұлай істемеске амалы жоқ. 

Ақмарал Елубаева, Астана қаласының тұрғыны:

Ыңғайлы, сатып алдым. Себебі алған сүтім кешегі сүт. Мен оның қышқылдығын, микробиологиялық анализін өтікізіп алдым. Үйіме барам да, тамақтануға болады.

Республикада азық-түліктің қауіпсіз мониторингі биылғы жылдың алты айлық көрсеткіші бойынша, тағамдық өнімдердің 14462 алынған сынамасынан 1112-сі сай келмеген.  Оның ішінде  нан - 33,3%, балық өнімдері - 24,6%,  құс өнімдері - 21,9%, аспаздық өнім - 20,5%, ет - 18,4%, сүт - 7%, кондитерлік өнімдер - 6,3% болса, балалар тағамдары өнімдері - 1,5 % құраған. Ал Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасынның сенім телефонына  жыл сайын 60 мыңнан астам шағым түседі екен. Қоңырау шалушылардың 30 пайызы азық-түліктің сапасыздығына арызданады. Тұтынушылар көбінесе, нан, ет, дәнді-дақылдар өнімдерінің сапасына наразы болып жатады.

Светлана Романовская «Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының» басқарма төрайымы:

Бізге түскен шағымдар, нанның арасынан құрт-құмырсқалар табылды, сонымен қатар, ет шұжықтарының арасынан сағызды, түрлі ұсақ саймандар табылған жағдайлар болды. Олар бізге келіп шағымданғанда, істің-мән-жайын анықтағанымызда, сатушылар тұтынушыға материалды және моральді тұрғыда өтемақы төлеуге дайын болды. Алайда, көбіне моральдік шығындарды барлық дүкендер өтемейді.

Ал бүгінгі өткізілген шара елдің түкпір-түкпірінен жеткізілген көкөністердегі нитраттың қалдығына, тағамдардың микробтық ластануына, сүт өнімдерінің қышқылдығына тегін лабораториялық жедел әдіспен зерттеу жүргізіп отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай акция айына екі рет өткізіледі.

Гүлбану Іздәулетова, санитарлық дәрігер, сарапшы:

Әрбір сатып алушы, тұтынушы, аталған акцияның арқасында тексеріп ала алады. Тексергенде бүкіл ҚР -нан аумақтарына келген көкөністерді нитратты қалдықтарды тексере алады, сонымен қатар, балдарды тазалығына.

Айта кетсек, биылғы жылы  азық-түлік тауарларының сапасыздығына қатысты 126 әкімшілік іс  тіркелген. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.