$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада жасанды интеллект олимпиадасы өтеді

Астанада жасанды интеллект олимпиадасы өтеді
Фото: Спорттық бағдарламалау федерациясы

Астана қаласы 2026 жылдың тамыз айында өтетін беделді Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасын өткізу орны болып ресми түрде бекітілді.
Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл шешім кездейсоқ емес. Еліміз соңғы жылдары IT саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Халықаралық олимпиада тек мәртебелі шара ғана емес, ол ел экономикасына серпін беретін құрал:

1. Әлемдік технологиялық алпауыт компаниялар олимпиада финалистерін студент кезінен бастап жұмысқа іріктеп алады.

2. Мұндай шаралар елге халықаралық серіктестерді, жетекші университеттер мен ірі инвесторларды тартады.

3. Қазақстанның цифрлық орталық ретіндегі беделі нығайып, ішкі бәсекелестік пен мамандар даярлау сапасы артады.

Астанада IOAI өткізу елімізде жарияланған Жасанды интеллект жылымен тікелей байланысты. Бұл — цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған жүйелі саясаттың бір бөлігі.

«Бұл — жаһандық технологиялық бәсекелестік кезеңінде Қазақстанның сенімді серіктес ретінде танылуының айқын дәлелі», — деп атап өтті Бағдат Мусин.