$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Үкімет басшысы мерекемен құттықтады

Үкімет басшысы мерекемен құттықтады
Үкімет

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар!

 Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың арқауы, ізгілік атаулының береке-бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл қазақ елі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді қолдап, дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басты. Жаңғырудың жарқын нышанына айналған жаңа Конституциямыз ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, қастерлі Тәуелсіздігімізбен бірге жасай бермек.

Ұлыстың ұлы күні бірлігі бекем халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, бейбіт өмір мен еңселі елдік жолындағы арман-мұратына жеткізсін. Жаңарған жыл жұртымыз үшін жасампаз істерге, толайым табысқа толы болсын. Әз-Наурызда әр шаңырақ құт-берекеге бөленіп, ырзық-несібеге кенелсін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!