Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жемқорлық туралы хабар берген қазақстандықтарға 18 миллион теңге төленген

AstanaTV
03.08.2017ж. 20:00
2287
Жемқорлық туралы хабар берген қазақстандықтарға 18 миллион теңге төленген

Жемқорлық туралы хабар таратындар саны артқан. Биыл 126 қазақстандық парақорлық жөнінде мәлімет берген. Олар расталып, хабар таратқандарға 18 миллион теңге сыйақы берілген. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары мәлімдеді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6 есе жоғары.

Өткен жылы 28 адам берген ақпарат расталып, оларға 3 миллион теңге төленген екен. Жемқорлықпен күресуге атсалысқандарға хабарланған қылмыстық ауыр-жеңілдігіне қарай 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі қаражат төленеді.