$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Мемлекет басшысы қазақстандық спортшыға "Қазақстанның Еңбек ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды

24.03.2026ж. 13:28
Мемлекет басшысы қазақстандық спортшыға "Қазақстанның Еңбек ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.