$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елдегі барлық рейстік автобустар тексеріледі

AstanaTV
22.01.2018ж. 20:00
2571
Елдегі барлық рейстік автобустар тексеріледі

Ақтөбе облысында автобустағы 52 адамның өлімінен соң, елдегі барлық рейстік автобустар тексерілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және даму министрлігі хабарлады.

Көлік комитетінің инспекция қызметкерлері мен ІІМ қызметкерлері бірлесіп, республика бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізеді. 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдайтын көліктер мен жүргізушілер толығымен тексерілетін болады. Сонымен бірге, автомобиль жолдарындағы жолаушылар мен багаж тасымалдау мәселелері бойынша «Рубеж» қарау-бақылау бекеттерінде бақылау күшейтілмек. 

- Жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың және таксилердің техникалық ақауы болса және қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда, көлікті одан әрі пайдалануға тыйым салатын шаралар қабылданады. Рейс алдында автомобильдің міндетті техникалық және жүргізушінің медициналық байқаудан өтуіне, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауларына баса назар аударылады.