$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

24.03.2026ж. 20:18
АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Фото: Анадолу

АҚШ-тың Техас штатындағы Порт-Артур қаласында орналасқан мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды.

Anadolu. ақпаратынша, Порт-Артур полиция департаментінің мәліметінше, Valero Energy компаниясына тиесілі зауыттағы жарылыстан кейін өрт шыққан.

Қала мэрі Шарлотта М. Мозес жарылыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін айтты. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жіберіліп, жалынды оқшаулау жұмыстары жүргізілді.

Билік қаладағы батыс аудандардың тұрғындарына қауіпсіздік мақсатында үйлерінде қалуды ұсынды.

Жарылыстың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.