Абай облысының Үржар ауданында су тасқыны қаупі бар аумақтарға БПЛА қолдану арқылы аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Әуеден бақылау барысында анықталғаны: таулы аймақтарда қар жамылғысы сақталған, жағдай тұрақты, қардың белсенді еруі байқалмайды. Жазық аумақтарда қар негізінен еріп кеткен, өзен арналары ашылған, су өткізу қалыпты тәртіпте жүзеге асуда.
Елді мекендерде су басу қаупі тіркелген жоқ.
Тексеру қорытындысы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты деп бағаланып, бақылауда тұр.