Еліміздің батысы мен шығысына қауіп төніп тұр. Қазгидромет тұрғындарға шұғыл ескерту жасады. Синоптиктер су басу ықтималдылығы жоғары өңірлердің тізімін жариялады.
Мамандардың болжамынша, бірнеше аймақта алдағы бір аптада ауа температурасы +10, кейбір жерде тіпті +20 градусқа дейін көтеріледі. Салдарынан қар қарқынды еріп, өзен-көлдердегі су деңгейі көтерілуі әбден мүмкін.
Әсіресе, Абай, Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы жағдай алаңдатарлық, дейді білетіндер. Қазір бұл аймақтарда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.