$541.34 €640.73 ₽6.53
×

32 келі есірткі тәркіленді

32 келі есірткі тәркіленді
ашық дереккөзден

ШҚО жыл басынан бері 32 келіден астам есірткі тәркіленді. Облыстық полиция департаменті 2026 жылдың бірінші тоқсанында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты 54 қылмысты анықтаған.

— Оның ішінде 19 қылмыстық теріс қылық және 35 есірткі қылмысы тіркелген. Атап айтқанда, есірткі өткізудің 30 дерегі және есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірудің 1 фактісі анықталған. Сонымен қатар құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған фитозертхана және синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана жойылды, — дейді департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Абай Бақтияров.

Заңсыз айналымнан 32 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішіндегі 12 келіден астамы — марихуана.