Олимпиада чемпионы, танымал қазақстандық боксшы Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Ол – бокстан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ «Парасат» орденінің және Вэл Баркер кубогының иегері.
Жаңа қызметінде Серік Сәпиев ұлттық құрамалардың нәтижелерін арттыруға, боксты жүйелі түрде дамытуға, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету үшін дайындық жұмыстарын жетілдіруге атсалысады.