Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайда «Полицейлер мен азаматтардың өзін-өзі ұстау этикасы» атты ерекше рейд ұйымдастырылды

AstanaTV
22.01.2018ж. 20:00
2626
Қостанайда «Полицейлер  мен азаматтардың өзін-өзі ұстау этикасы» атты ерекше рейд ұйымдастырылды

Қостанайда «Полицейлер мен азаматтардың өзін-өзі ұстау этикасы» атты ерекше рейд ұйымдастырылды. Игі шара «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру аясында өткізіліп отыр. Қаңтардың аязына қарамастан, жергілікті сақшылар мен партия белсенділері этика ескермейтін азаматтар мен жол ережесін сақтамайтын жүргізушілерді анықтауға аттанды. Шаһардың жан-жағында жүргізілген шара аясында екі тұрғынға ескерту жасалып, телефонмен сөйлескен көлік тізгіндеушіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Рейд барысында полицейлерге сес көрсетіп, артық сөз айтқан адам кездеспеді. Шенділер де сыпайы сөйлесіп, шектен шыққан жоқ. Алайда, билік партиясының қабылдау бөліміне полицейлерге қатысты шағым көп түседі. - дейді қалалық филиал өкілдері. Ал, сақшылар болса, тәртіпке бағынбайтын көпшілік дөрекілік танытып, екеуара әңгіменің осал тұсын әлеуметтік желіге жариялап жібереді. Соның салдарынан қызметімізге сын, беделімізге нұқсан келтіреді дегенді алға тартады.

Айтөре Тұрсын, «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалының кеңесшісі:

Рейдтің мақсаты - «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, жол-патрульдік қызметкерлерінің этикасын бақылау. Өйткені бізге жолдағы пара алу жөнінде, жол ережесін бұзғандардың ісі дер кезінде қаралмайды деген секілді арыз-шағымдар көп түседі. Алдағы уақытта осы іс-шараны жиі өткізіп, партияның қалың бұқараға түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп жатқандығын  көрсетеміз.