$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Егіздер тікұшақпен жеткізілді

26.03.2026ж. 07:38
Егіздер тікұшақпен жеткізілді
Денсаулық сақтау министрлігі

Павлодар облысында жаңа туған егіз нәрестелерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін санавиация тартылып, олар облыс орталығына жеткізілді.

«ҚазАвиаҚұтқару» тікұшағының экипажы сәбилерді Шарбақты ауданынан Павлодар қаласына жедел тасымалдады. Ұшу барысында нәрестелердің жағдайы тұрақты бақылауда болып, оларды санитарлық авиацияның мамандандырылған дәрігерлер бригадасы сүйемелдеді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, егіздер түнгі уақытта дүниеге келген. Оларға жоғары білікті мамандардың көмегі қажет болғандықтан, шұғыл түрде облыс орталығына жеткізу туралы шешім қабылданған.

Тасымалдау кезінде қандай да бір қиындық тіркелмеген. Бұл ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесі.

Қазіргі уақытта жаңа туған сәбилер медициналық орталықта ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.