2026 жылғы сәуірде қазақстандықтар үшін қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.
eGov порталында жарияланған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар сәуір айында барлығы 8 күн ғана демалады. Бұл күндердің барлығы дәстүрлі түрде сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.
Сәуір айында ресми мерекелердің болмауы оны 2026 жылғы ең «қысқа демалысты» айлардың қатарына қосады. Бұған ұқсас жағдай ақпан, маусым және шілде айларында да байқалады.
Осылайша, көктемнің екінші айы қазақстандықтар үшін толықтай жұмыс ырғағында өтпек. Ал мерекелік үзілістер тек келесі айларда ғана күтіледі.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 2026 жылы 30 тамыз демалыс күні болмайтынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі, осыған байланысты тамыздағы қосымша демалыс алынып тасталған.