$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шетелде паспорт алу жеңілдейді

26.03.2026ж. 15:02
Шетелде паспорт алу жеңілдейді
Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар шетелде жаңа паспортты енді 90 емес, 40 жұмыс күні ішінде рәсімдей алады.Тиісті өзгерістерді Сыртқы істер министрлігі әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарды.

СІМ әзірлеген қаулы жобасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының шетелде жүрген азаматтарына паспорттарды рәсімдеу үшін құжаттарды қабылдау және оларды дайындауға жіберу» мемлекеттік қызметінің мерзімі 90 күннен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылмақ.

Жоба мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 90 күннен 40 жұмыс күніне дейін қысқарту, сондай-ақ оны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында әзірленді. Құжатқа редакциялық сипаттағы түзетулер енгізіліп, ескірген нормалар мен сілтемелер алынып тасталады. Бұл өзгерістер мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы заң мен Цифрлық кодекске енгізілген жаңартуларға байланысты, – делінген құжатта.

Министрлік әзірлеген қаулы жобасы биыл 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.