$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

AstanaTV
26.03.2026ж. 19:00
Жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Ал Ақтөбеде жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Оған Toyota автокөлігі соққан. Ақ халаттылар алған жарақаттарына қарамастан жүкті әйелге жедел көмек көрсетіп, басқа көлікпен перзентханаға жеткізген. Аман-есен босанған. Нәресте сау. Алайда жас анаға бас миының шайқалуы диагнозы қойылған. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал жедел жәрдем қызметкерлері медициналық тексерістен өтті.