Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 5 қабатты тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен 5 полицейдің біреуінің жағдайы әлі де ауыр. Тәртіп сақшысы облыстық травматология орталығының жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал жарылыс жасаған ер адам тәуірленіп келеді. Оның үстінен 3 бірдей қылмыстық іс қозғалды.
40 жастағы ер адам пәтерінде газ балонын қасақана ашып кейін жарылыс жасаған. Оқиға тура кинодағыдай болған. Дәл Наурыз мерекесінің түнінде жұрт өткір иісті сезіп полиция шақырады. Оларға өгей қызы 4- інші қабаттан жүгіріп келіп әкесінің әрекетін хабарлап үлгерген. Қызметкерлер подъезд тұрғындарын эвакуациялай бастайды, есікті ішінен бекітіп алған күдіктімен келіссөз жүргізіп әрең аштырады. Мақсат- оның жанындағы мүгедек адамды құтқару болатын. Полицейлер ол газды жарып жібереді деп ойламаған.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Полиция қызметкерлері 4- інші қабатқа көтеріліп көтерілген кезде есікті ашады. Біра адамды ашып шығып үлгереді, одан кейін полиция қызметкерлерін көрген жаңағы күдікті сол мещетте сіріңке жағып жібереді. Газ тұтанып өрт шығады. Сол кезде полиция қызметкерлерін күйік шалады. Ал күдікті оқиға орнына қашып үлгерген. Көп ұзамай ол көрші подъезден ұсталды полиция қызметкерлерімен.
Ирина Щевченко күдіктінің көршісі, сол күнгі оқиғаның куәгері. Бұрын ер адамнан оғаш қылық байқамаған. Айтуынша бұл пәтерде ол әйелі және өгей қызымен тұрған. Бір ай бұрын әйелі қайтыс болыпты. Содан бері жиі ішіп кетті,- дейді.
ИРИНА ЩЕВЧЕНКО, КУӘГЕР:
Оған әйелінің қазасы ауыр тиген сияқты. Іше бастады, сол күні полицейлер оны алдап сулап әрең есік ашқызды. Өзі мас болатын. Оның алдымен өзімді сосын сендерді жарып жіберем деген сөздерін анық естідім, бірақ дәл осылай жарылыс жасайды деп ойламадым.
Оқиғаның салдарынан бірнеше пәтер иесі зардап шеккен. Мүліктері бүлінді. 8 адам күйік шалып ауруханаға түсті. Оның 5- еуі полиция қызметкері. Біреуі – күдікті және екі тұрғын. Полицейлердің бірі- жас жігіттің денесі 50 пайыз күйген, жағдайы ауыр.
БЕРІК ТӨЛЕУБАЕВ, ПРОФЕССОР Қ.Ж.МАҚАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі кезеңде 8 науқас ауруханада жатыр. Бір науқас жан сақтау бөлімшесінде, қызған науқастар бөлімшеде жатыр. Жағдайлары тұрақты, ем- шаралар алып жатыр.
Күдіктіні жеке палатада полицейлер күзетіп отыр. Оның үстінен 3 бірдей, яғни бөтеннің мүлкін қасқана жою, бөтеннің мүлкіне қолсұғылмаушылықты бұзу және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қол сұғу баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Ол ауруханадан шыққан соң қамалып ұзақ мерзімге сотталады.