$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда 19 жастағы қыз босанып, сәбиін тұншықтырып өлтірді

26.03.2026ж. 19:00
Павлодарда 19 жастағы қыз босанып, сәбиін тұншықтырып өлтірді

Павлодарда 19 жастағы қыз босанып, сәбиін тұншықтырып өлтірді. Сұмдық оқиға былтыр қазан айында қаладағы оқу орындарының бірінің жатақханасында болған. Аяғы ауыр болып қалған студент толғағы жеткенде перзентханаға бармастан, жатақхананың жуынатын бөлмесінде босаныпты. Босана сала шақалақты көрпеге орап, тыныс алу жолын жауып тастаған. Тұншығып қалған сәби сол жерде көз жұмыпты. Аталған істі қараған Павлодар қаласының соты оған 2 жылға шартты жаза кесті.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданарлық соты К-ны қылмыстық істер кодекстің 100-бабында көзделген қылмыстық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оға пробациялық бақылауды белгілеумен 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.