$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алименттен жалтарған 818 қазақстандық шетелде қашып жүр

Алименттен жалтарған 818 қазақстандық шетелде қашып жүр

Алменттен жалтарған 818 қазақстандық шетелде қашып жүр. Оның 743-і ер адамдар. Енді олар шекара асып кетсе де берешегін өтеуге міндетті. Сенат тиісті заң жобасын мақұлдады. Атап айтқанда, өзге елдің атқарушы органдары қазақстандықтардан алиментті өндіреді. Әділет министрлігі мен Жоғарғы Палата депутаттарының айтуынша, 93-і жылы Беларусь астанасы мен 2002-і жылы Молдова астанасындағы халықаралық Конвенцияларға өзгеріс енгізіліп, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғаудың еларалық концепциясы жақсарды.

ЕВГЕНИЙ БОЛЬГЕРТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Конвенцияның қарары енді тек Сот шешімі ғана емес, қаулысы бойынша да жұмыс істейді. Сот қаулысы, сот шешімінің жеңілдетілген түрі. Балалар құқығын қорғауда көп уақыт жоғалтуға болмайды. Сондықтан, бұл тәсіл тиімді жол деп білеміз.