$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әлеуметтік желідегі жеке чаттардың жаппай тексеріліп жатқаны рас па?

26.03.2026ж. 19:00
Әлеуметтік желідегі жеке чаттардың жаппай тексеріліп жатқаны рас па?

Жеке чаттар жаппай тексеріліп жатыр. Жоғарыдағылар телефон арқылы кіммен тілдескеніңізді бақылауда ұстап отыр. Не жазып, не айтқаныңызды аңдып отырған - Қаржылық мониторинг агенттігі. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Естіген жұрт ашуға булығып, құқығымыз тапталды деп бас көтерген. Артынша жауаптылар бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтып, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ:

Іс жүзінде агенттік ұсынған Интернеттегі тыйым салынған контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қағидалар тек ашық әрі жалпыға қолжетімді деректерді (қаржы пирамидаларын жарнамалауға, онлайн-казинолар мен заңсыз лотереяларды насихаттауға қатысты жарияланымдар мен репосттарды) мониторингілеуге бағытталған. Бұл қағидаларда азаматтардың жеке хат алмасуына ешқандай мониторинг жүргізу көзделмеген.