$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шетелдегі қазақтардың саны 7 миллионға таяды

Шетелдегі қазақтардың саны 7 миллионға таяды

Шетелдегі қазақтардың саны 7 млнға таяп қалды. Отандастар қоры жүргізген бейресми сараптама қорытындысы - осы. Ал ресми ақпаратқа сүйенсек, әлемнің 40-тан астам елінде тарыдай шашылған 3,5 млнға жуық этникалық қазақ тұрады. Олардың 90 проценті - индиген қазақтар. Яғни, шекара сыртында бөлініп қалған  ежелгі қазақ жерінде өмір сүреді. Мәселен, Қытайда – 1млн 600 мың, Өзбекстанда – 821 мың 200, Ресейде – 592 мың қандасымыз бар. Ал тарихи себептермен мәжбүрлі қоныс аударған диаспора өкілдері Моңғолияда, Түркияда және Еуропа елдерінде шоғырланған. Сондай-ақ, соңғы жылдары шет елдерге еңбек, білім немесе бизнес жасау мақсатында кеткен «жаңа диаспора» санаты қалыптасты. Мемлекет басшысының 2024 жылғы Ұлттық құрылтайдағы мәліметі бойынша, олардың ресми саны 200 000 адамды құрайды. Айта кетейік, былтыр 16 мың 805 этникалық қазақ ата жұртқа оралып, қандас мәртебесін алды.