$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Құтқарушылар балалардың терезеден құлау қаупі туралы ескертті

26.03.2026ж. 22:34
Құтқарушылар балалардың терезеден құлау қаупі туралы ескертті
Фото: pexels.com

Елордалық ТЖД мамандары балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

— Күн жылынған сәттен бастап қауіпсіздік шараларына көбірек көңіл бөлу керек, — дейді елордалық құтқарушылар.

Балалар жарақатын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:

  • үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен қауіп болмақ;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезенің алдында ойнатпаңыз;
  • терезедегі масалардан қорғайтын торға сүйеніп тұруға болмайды, бала сол торға алданып, құлап кетуі мүмкін;
  • баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнату керек;
  • бала терезенің алдына шығып кетпес үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз.