$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды

27.03.2026ж. 10:00
Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды
zakon.kz, t.me/kris_p_almaty_kz

Алматыда болған резонанстық жол-көлік оқиғасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен ерекше бақылауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі сот санкциясымен қамауға алынды. Оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін деген күдікке байланысты тағы бір қылмыстық іс тіркеліп, қызметтік тексеріс басталды. Тексерісті жүргізу үшін Алматыға ІІМ-нің бірқатар департамент басшылары жіберілді.

Анықталған кемшіліктер нәтижесінде кадрлық шешімдер қабылданып, полиция департаменті бастығының орынбасары және әкімшілік полиция мен қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметінен босатылды.