$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Амнистия бойынша айыппұл кімдерге кешіріледі?

27.03.2026ж. 15:42
Амнистия бойынша айыппұл кімдерге кешіріледі?
Фото: depositphotos.com

Әкімшілік амнистиямен көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар қамтылуы мүмкін.Бұл туралы Сенат депутаты Марат Қожаев айтты. 

Біздің елде әкімшілік әділет жүйесіне қатысатын 70-ке жуық субъект бар. Қазір әр тараптан ұсыныстар жиналып жатыр. Осы талқылауларда ең алдымен әлеуметтік жағынан осал топтарды амнистиялау керек деген пікірлер айтылып жүр. Олар – еңбек ардагерлері, соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар және басқа да санаттар, – деді депутат.