Қарағандыда анасы мен қызын өлтіріп кеткен қылмыскер іздестірілуде. Ол әйелдің жігіті болуы мүмкін. Марқұмдардың денесі Крылова көшесіндегі клубтық үйдегі жеке меншік пәтерден табылды. Хабарсыз кеткен оларды жақындары іздеп, ақыры полиция есікті бұзып кірген.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстау бағытында кешенді жедел шаралар жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.