$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жол апатына күдікті жүргізушінің мас болғаны анықталды

AstanaTV
27.03.2026ж. 19:00
Жол апатына күдікті жүргізушінің мас болғаны анықталды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жол апатына күдікті деп танылған жүргізуші мас болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Бұдан бөлек полицейлердің өзіне қатысты тексеріс басталды. Мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін деген күдікке байланысты тағы бір қылмыстық іс тіркелді. Анықталған кемшіліктер нәтижесінде полиция департаментінің бірнеше қызметкері жұмысынан босатылған.

ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

ZEEKR автокөлігінің жүргізушісіне соттың санкциясымен қамаққа алу шарасы қабылданды. Апат кезінде ол жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс басталды. Анықталған кемшіліктерге байланысты кадрлық шешімдер қабылданды. Министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.