$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шавхат Рахмоновтың бұрынғы әйеліне қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
27.03.2026ж. 19:00
Шавхат Рахмоновтың бұрынғы әйеліне қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысында Шавхат Рахмоновтың бұрынғы әйеліне қатысты сот үкімі шықты. Айбайсызда екі адамның өмірін қиған жол апатын жасады деп, жекпе-жек жұлдызының экс жарына сот бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Өңірдегі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты адам өліміне себеп болған жүргізушіның жазасын кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, үкімнің орындалуын 5 жылға шегерді.

Жол апатында қаза болған жолаушылардың туыстары сот отырысында рөлде болған Гүлайым Рахмонованы кешіргендерін айтып, жазаның барынша жеңілдетуін өтінген. Сотталушы сотта өз кінәсін мойындамаған. Сонымен қатар сот жүргізушінің 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығын шектеген. Еске салсақ, елімізге танымал спортшының бұрынға әйелі өткен жылы шілде де, Тайота Ланд Крузер автокөлігі иге алмай аударылып апатқа ұшыраған болатын. Мойынқұм ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» тасжолында таңғы сегізден өте Ақсүйек елді мекені маңында аударылған. Салдарынан орнында 39 жастағы жолаушы ер адам қаза болды. Ал, ауыр жарақат алған – досының әпкесі жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін спортшының экс әйелі пробациялық бақылауда болмады.