$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп: «Менің соғыс жоспарым мінсіз»

Трамп: «Менің соғыс жоспарым мінсіз»

АҚШ құрлық әскерін кіргізсе де, біз дайынбыз. Иран алапат үлкен соғыста жеңілмейді. Билік өкілі осылай, - деп жар салды. Трамп болса, менің алдымда ирандықтар құрдай жорғалап, мұнайды тегін беріп жатыр деп мақтануда. АҚШ Президентінің айтуынша, бейбіт келісім жақын арада жасалады. Бірақ, Израиль Иранға соққы қарқынын арттырып, Ливанға басып кірді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Иран соғыста жеңілді. Олар маған жаңа Аятолла болуды да ұсынды. Трамп өзінің турнесі аясында айтпағаны жоқ. Бұл жолы Ормуз бұғазы арқылы бізге мұнай келіп жатыр, - деп айды аспаннан шығарды. Ол мұнайды ең қызығы Иран Трампқа сыйға тартыпты-мыс. Дегенмен, америкалық басылымдар АҚШ Президентінің сөздерін жоққа шығарып жатыр. Бұл, әлбетте, Трамптың ашуына тиді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Уолл-Стрит Джоурнал мен өзге алаяқтардың фейк жаңалықтарын оқып отырмын. Сондықтан, шынайы ақпаратты жеткізгім келеді. Иран аяғыма жалынып, келісім жасайықшы деп өтініп жатыр. Мен оларға келісім туралы ләм-лим демедім. Олар осыдан 4 апта бұрын келісім жасауы тиіс еді. Негізі ирандықтар топас емес. Соғыса алмаса да, келіссөздерді керемет жүргізеді. Бірақ, мен соғыс жоспарын, оның мерзімін белгілеп, одан ауытқымайтын қабілетім бар.

Иран болса, келіссөз жүріп жатыр дегенді мүлдем жоққа шығарды. Ормуз бұғазы әлі жабық. Біз өзімізге сенімдіміз, - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иран елшісі Али Бахрейни. Оның айтуынша, АҚШ құрлық әскерін кіргізсе де жеңіліске ұшырайды.

АЛИ БАХРЕЙНИ, БҰҰ ЖЕНЕВА КЕҢСЕСІНДЕГІ ИРАН ЕЛШІСІ:

Иранның бүкіл нарықты бақылауында ұстап отырғаны – үлкен жеңіс. Біз жағдай қалай өрбісе де дайынбыз. АҚШ Иран жеріне әскер кіргізсек, жеңеміз деп ойлауы мүмкін. Бірақ, ақымақтық болар еді. Масқараның көкесі болады. Әлбетте, біз қазір басымдыққа ие бола отырып, АҚШ-қа келіссөз жүргізуді өтіну – ақымақтық.

Соғысты жалғастыруға тек Израиль құлық танытып отыр. Хезболла шабуыл жасады деп, Ливанға бар күшімен басып кірді. Ең бастысы, Иранмен соғысты да тоқтатқысы келмей отыр.

БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Иранға жойқын соққы жасауды жалғастырып жатырмыз. Бүгін теңіз күштерінің бас қолбасшысын өлтірдік. Ормуз бұғазын жабуды басқарған сол. Оның мойнында қан көп. Бірақ, біз лаңкестердің барлығының көзін жойып, өз мақсаттарымызға қол жеткіземіз.

Трансгендерлер әйелдер арасындағы олимпиадалық бәсекелерге қатыса алмайды. Халықаралық Олимпиада Комитеті осындай шешім шығарды. Барлық бұрымды спортшылар енді генетикалық тест тапсыруы тиіс. Бас хатшы Кристи Ковентридің айтуынша, бұндай шешім қабылдар алдында, спортшылардан сауалнама алынып, зерттеу жүргізілген.