Отандық тауар сөрелерден ығыстырылып, импорт бағаларды демпинг жасап жатыр. Бұл туралы «AMANAT» партиясында өткен аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысында талқыланды. Бас қосуда жергілікті өндірушілердің өнімдері көзге түсе бермейтін төменгі сөрелерге қойылатыны айтылды. Бұдан бөлек, қауіпсіздік мәселесі де көтерілді. Себебі өнімдерді шеттен әкелу кезінде толық бақылау жүргізілмейді. Бұл жалған өнімдер мен «сұр» импорттың пайда болу қаупін арттырады. Шешім ретінде ресейлік тәжірибеге сүйене отырып, ветеринарлық және тауарлық бақылауды күшейту ұсынылды.
НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің отандық тауар өндірушілер саудада жиі ұтылып жатады, яғни олардың өнімдері төменгі сөрелерде орналасады, көзге көрінбейді. Импорттық өндірушілер мен жеткізушілер көбінесе бағаны демпинг жасайды, бірақ бұл уақытша құбылыс: біздің өнімдер түрлі себептермен жоғалғаннан кейін, олар бағаны қайта көтере бастайды. Біз заңнамалық түрде өзгерістер енгізіп, қазақстандық өндірушілердің өнімдері көрнекті орындарға қойылуын және олардан қосымша төлемдер алынбауын қамтамасыз еткіміз келеді.