$515.97 €537.8 ₽5.25
×

ЭКСПО көрмесі аясында EXPO&WOMEN әйелдер жиыны өтті

AstanaTV
03.08.2017ж. 20:00
2349
ЭКСПО көрмесі аясында  EXPO&WOMEN әйелдер жиыны өтті

ЭКСПО көрмесі аясында ІІ халықаралық EXPO&WOMEN әйелдер жиыны өтті. Форум әйелдердің қоршаған ортаны қорғауы, жасыл экономикаға өтуі, сондай-ақ 2015 жылы әлем қабылдаған тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.

2 күндік форум бірнеше панельдік сессиялардан тұрады. Онымен қатар жұмыссыз әйелдерді жасыл технологиялар негізінде оқыту да қолға алынған. Аталмыш жоба қазірдің өзінде жемісін бере бастапты. Алғашқы жиын Миландағы ЭКСПО көрмесінде өткен, енді 2020 жылы Дубайда өтетін көрмеде де жалғасады.

Асхат Сүлейменов, «Жасыл экономиканы қолдау мен G-GLOBAL-ды дамыту коалициясының» атқарушы директоры:

Конкурс 2020 жылға дейін жалғасады. Қазақстан бойынша қазір 9 мыңдай әйел оқытылды. 41 грант беріліп, оның ішінде 110 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бәрі осы конкурс аясында.