Түркістан облысының прокуратурасы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ мемлекеттік мекемесінде 928 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2022-2025 жылдар аралығында кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде төлем дерегіне жалған мәліметтер енгізу арқылы ақшаны заңсыз аударып отырған.
Олар өздерінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдалана отырып, төлем құжаттарына таныс кәсіпкерлердің ЖСН-ін көрсеткен, бірақ олардың атауларын өзгертіп жазған.
«Іс жүзінде ешқандай тауар жеткізілмеген және қызмет көрсетілмеген. Нәтижесінде мемлекетке аса ірі көлемде материалдық шығын келтірілді», — делінген прокуратура хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
2026 жылғы 26 наурызда іс бойынша негізгі күдіктілер ретінде төрт адам анықталды. Ветеринариялық қызметтің екі бұрынғы басшысы, олардың орынбасары және мекеменің бас есепшісі ұсталды.
Сот шешімімен олардың барлығы қамауға алынды. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар өзге де лауазымды тұлғалардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.