«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 30 наурызда Алматы, Астана, Павлодар, Теміртау, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанай және Атырау қалаларында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.