$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО Үржар ауданының дәрігерлері «А» гепатитінің 19 дерегін жасырып қалған

AstanaTV
23.01.2018ж. 20:00
3085
ШҚО Үржар ауданының дәрігерлері «А» гепатитінің 19 дерегін жасырып қалған

ШҚО Үржар ауданының дәрігерлері «А» гепатитінің 19 дерегін жасырып қалған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде елдің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы Шолпан ауылында осы келеңсіздікті анықтаған. Мұнда «А» гепатиті былтыр күзде тіркеліпті. "Науқастарға өз ақшасына дәрі алып, емделуге міндеттеген. Бұл - өрескел заңбұзушылық", - деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы. Бекшин кінәлілердің әкімшілік жазаға тартылатынын жеткізді. Ал індеттің бас көтеруіне Шолпан ауылына қонаққа келген Семей тұрғыны себеп болыпты.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

Аумақтық орган бұл қыздың 6-қаңтарда Семей қаласында ауырғаны туралы Үржар аудандық басқармасына хабарлаған. Үржар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мұны Үржар аудандық ауруханасына баяндағанымен, тиісті шара алынбаған. Салғырттықтың кесірінен осындай жағдайға тап болдық.

Ал Қарағандыда осы аурудың 24 дерегі тіркелген. Қазір науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр.