$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды

30.03.2026ж. 13:19
Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды

Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты. Біздің команда алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңді.

Шешуші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстаннан басым түсті - 89:41. Осылайша, Қазақстан бірінші орынды иеленіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.