$541.34 €640.73 ₽6.53
×

TikTok-тағы алаяқтық: Шымкентте ондаған адамды алдаған күдікті ұсталды

30.03.2026ж. 14:00
TikTok-тағы алаяқтық: Шымкентте ондаған адамды алдаған күдікті ұсталды
Фото: yandex.kz

Шымкентте полиция интернет-алаяқтықтың бірқатар дерегіне күдікті азаматтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық схема ұйымдастырған.

Арнайы ашылған парақшада ол жүргізуші куәлігін жедел әрі қиындықсыз алып беруге көмектесетін жалған қызметтерді белсенді түрде жарнамалаған. Клиенттерді тарту үшін сенімді көрінетін бейнероликтер мен жарнамалық жазбалар пайдаланылған. Бұл уәдеге сенген азаматтар көрсетілген шоттарға ақша аударып отырған. Салдарынан 45-ке жуық қазақстандық зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын 20 миллион теңгеден асқан.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп, оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.