$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар қысқы ұйқыдан оянды

30.03.2026ж. 18:00
Алматы қорығындағы қоңыр аюлар қысқы ұйқыдан оянды
фото: pixabay

Алматы қорығында мекендейтін қоңыр аюлар қысқы ұйқыдан ақпан айының соңынан наурыз айының ортасына дейін оянады. Биылғы фототұзақ деректері бойынша аюлар алғаш рет камераға 13 наурызда түскен.

Қорық аумағында қоңыр аюлар ірі шатқалдардың барлығында кездеседі. Олар теңіз деңгейінен 1200-3500 метр биіктікте, аралас жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда, сондай-ақ субальпілік және альпілік белдеулерде тіршілік етеді.