Павлодарлық зейнеткер әйел күйеуін пышақтап өлтірді. Сұмдық оқиға Ақсу ауылдық аймағына қарасты Сарышығанақ ауылында болған. Ішімдікке сылқия тойған отағасы әйелімен жанжалдасып қалған. Ашуға ерік берген әйел күйеуінің кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Салдарынан ер адам сол жерде көз жұмды. Сот әйелдің зейнет жасында екенін, бұрын қылмыс жасамағанын ескеріп, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
ДӘУЛЕТ МҰСИНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ АНЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Оқиға орнынан заттай дәлелдер алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс сотқа жолданып, абайсызда адам өлтіргені үшін тұрғын жазасын алды.