Атырауда Ішкі істер басқармасының арнайы қабылдау орталығында 52 жастағы ер адам асылып қалған. Алдын-ала деректер бойынша, азамат камерада екі қатарлы кереуеттің құрылымын пайдаланып, шалбарының бауымен өзіне-өзі қол жұмсаған. Ол бірер күн бұрын «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бабы бойынша он тәулікке әкімшілік қамауға алынған екен. Кей ақпаратқа сенсек, әкесінің үстінен оның 23 жастағы ұлы шағымданған. Қазір полиция аталған іске байланысты тергеуді бастады.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Өз өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән жағдайларын анқтауға бағытталған кешендітергеу амалдары жүргізілуде. Өзе ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес, жариялауға жатпайды.