$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысындағы төбелес атыспен аяқталды

AstanaTV
30.03.2026ж. 19:00
Алматы облысындағы төбелес атыспен аяқталды

Алматы облысында  жаппай төбелес болды. Жанжал кезінде бұзақылар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, талаптарына бағынбаған. Полицияның хабарлауынша, оқ аспанға ескерту ретінде атылған. Жеті адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған дерек бойынша бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ауаға жасалған оқ атулар ескерту сипатында болып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.