$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда ер адам жедел-жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады

AstanaTV
30.03.2026ж. 19:00
Алматыда ер адам жедел-жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады

Алматылық тұрғын жедел-жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Дәрігерлер шақыртуға барған кезде мас күйдегі ер адам пышақпен қарсы алып, қоқан-лоқы көрсеткен. Медицина қызметкерлері дереу көлік ішіне тығылып, полиция шақырған. Полиция мәліметінше, шабуыл жасаған адам - науқастың ұлы. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір  тергеу жүріп жатыр.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдікті 85 жылғы ер азамат, Алматылық тұрғын. Оның ата-анасына медициналық көмек көрсету мақсатында медициналық қызметкерлер келген болатын. Бірақ ол  алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін агрессия танытып, қоқан-лоққы көрсеткен. Ұсақ бұзақылық емес. Бұл жаңа бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.