$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлытау облысында 300 келі марихуана тасымалдаған 5 адам ұсталды, - ІІМ

Ұлытау облысында 300 келі марихуана тасымалдаған 5 адам ұсталды, - ІІМ

Ұлытау облысында көліктен 3 млн доллардың есірткісі табылды. Полицияның мәліметінше, Жезқазған-Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. Қылмыстық әрекет елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырылған. Күдіктілер маршрутты бақылап отырған. Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді. Онда 300 келіден астам марихуана болған. Алдын ала мәліметке сәйкес тәркіленген есірткі миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны шамамен үш миллион АҚШ долларына жетеді.

ДАНИЯР МЕЙІРХАН, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасын жойды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 43 қазақстандық, 8 шетелдік ұсталды. Психотроптық заттарды жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді. Әрі 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылды.