Елімізде “Халықаралық қалдықсыз күн” аясында экоакциялар ұйымдастырылды. Қызылордалық ерікті жастар тұрғындарды «Қалдықсыз әлем» құруға шақырды. Өскеменде еріктілер арнайы жобаларды талқылады. Ал, павлодарда сән көрсетілімі өткізілді.
Қызылордалық ерікті жастар тұрғындарды «Қалдықсыз әлем» құруға шақырды. Олар пластик, целлофан пакеттерді аз пайдаланып, қоқысты сұрыптап үйренуге насихаттады. Себебі бұл тазалық сақтау үшін ғана емес, қоршаған ортаны қорғау үшін де маңызды екенін айтты. Белсенділер тұрғындарды да осы мақсатта бірігуге шақырып, ақпараттық материалдар таратты. Оған 30 жуық ерікті атсалысып, қаланың халық көп шоғырланатын 5 аумағын аралап шықты.
МЕДЕТ ЖОРАБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Тұрмыстық қатты қалдықтар, пластикалық өнімдердің шіруі немесе оның сақталуы және қоршаған ортаны ластауы өте ұзақ мерзімді қамтиды. Сондықтан қазіргі таңда тез өңделетін және бір реттік құрылғыларды, заттарды қолданған дұрыс деп біз насихаттаудамыз.
Өскеменде де студенттер, белсенділер, экологтар мен қоғам өкілдері экологиялық маңызды мәселелер мен жобаларды талқылады. Жиында кәсіпкер Людмила Евженкова сынған әйнекті қайта өңдеп, кәдесыйлар,сәндік заттар мен әшекейлер жасау туралы ойымен бөлісті.
АНАСТАСИЯ ЧЕРНОМАЗ, ЭКО-ВОЛОНТЕР:
Жалпы, бұл – өте көпқырлы, жан-жақты тұжырымдама. Ол “нөлдік қалдық” идеологиясын ғана білдірмейді сонымен қатар жалпы қалдық мөлшерін азайтуға бағытталған. Және әр адам қолдана алатын шағын қадамдарды қамтиды.
Павлодарда акция аясында сән көрсетілімі өтті. Көрмеге жастар жарамсыз заттардан, қағаз, картон, пластиктен жасалған киімдер киіп келген. Экологиялық іс-шара жастардың креативті ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
СӘНИЯ МҰСИЫПОВА, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢСЕ БАСШЫСЫ:
Бұл іс шараның басты мақсаты жастар арасында эко мәдениетті, эко этикетті қалыптастыру болып табылады. Бұл іс шараның тағы бір басты мақсаты осындай қайта өңделген қалдықтарға екінші өмір беру, яғни тұрғылықты киімдерді ғана емес, осындай қайта өңделген заттардан жасалған киімдерді кию болып табылады.
Осылайша, аталған күн аясында өңір-өңірде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсат қоқыстарды әдеге жаратып, қоршаған ортаны қорғау дейді,-ұйымдастырушылар.