$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«МузАРТ» спектаклі елорда сахнасында

«МузАРТ» спектаклі елорда сахнасында

Қазақ эстрадасының аңызына айналған «МузАРТ» тобының 25 жылдық мерейтойына орай Түркістан музыкалық драма театры ерекше тарту жасады.  Елорда төрінде сахналанған музыкалық-драмалық қойылым топтың құрылу кезеңі мен алғашқы белестерін баяндайды. Идея авторы Мерей Махановтың айтуынша, бұл жоба көрерменді шынайы эмоцияға бөлейді.

МЕРЕЙ МАХАНОВ, ИДЕЯ АВТОРЫ:

Актерлармен бірге көңілдері босап, көздеріне жас алып жатқан сәттері де бар. Әрине ағаларымыздан рұқсат алынды. Менің айтып жүгеніме біраз болған. Киносын түсірейік бұйырса деп. Сөйтіп жүріп, сахналауға бел будық.

Сахнадағы тартыс пен жастықтың жалыны көрерменді еріксіз өткенге жетелейді. Сәкен мен Мейрамбектің, Мақсат пен Кенжебектің таныстығы, алғашқы гастрольдік сапарлар мен топ атауының қалай қойылғаны туралы сәттер көркемдік бояумен өрілген.

АҚСҰЛТАН АНУАРБЕК, ТЕАТР ӘРТІСІ:

Біз Мейрамбек те емеспіз, Сәкен ағалар да емеспіз. Біз автордың ойынан туындаған вымышленный персонаждармыз. Мен радио жүргізушісі, бұл - участковый. Яғни біз оқиғалардың бәрін өрбітіп отыр.

МЕРЕЙ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ТЕАТР ӘРТІСІ:

Лапылдаған жастық шақта әр түрлі қызықтар болады ғой. Мен енді сол жерде опоркада жалпы Мейрамбек ағамыз, Сәкен ағамыз, Мақсат ағаларымыздың қалай танысқаны туралы. Қасында әзіл-қалжың араластырып, қастарында тұрамын.