$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Солтүстік Америкадағы қазақтар Наурыз тойлады

31.03.2026ж. 01:10
Солтүстік Америкадағы қазақтар Наурыз тойлады

Солтүстік Америка Қазақ Ассоциациясы Сиэтл қаласында, Вашингтон штатында Наурыз мерекесін ұйымдастырды. Шамамен оған 300 адам қатысты. Қонақтардың қатарында қазақстандықтар ғана емес, басқа елдердің өкілдері және америкалықтар да болды.  

Қауымдастық 2024 жылдың мамыр айында құрылды. Содан бері біз осындай мәдени іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеміз. Жыл сайын отандастарымыздың саны артып, әрбір мереке ауқымды түрде өтуде,-дейді ассоциация президенті және ұйымдастырушы Лиза Пірімжанова. 

Ассоциацияның негізін қалаушы және ұйымдастырушы- Арсен Туған және қауымдастықтың басқа да белсенді мүшелері мерекелік шараның ойдағыдай өтуіне атсалысты. Ұлттық салт-дәстүр ұлықталып, қазақ әні әуеледі. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты. 

Мақсат — қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін Солтүстік Америка аумағында таныту және насихаттау, сондай-ақ Қазақстан мен Америка арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Сонымен қатар отандастарымызға қолдау көрсетіп, болашақ ұрпаққа тілімізді, мәдениетімізді үйретіп, оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу дейді ұйымдастырушылар.