$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе облысында он жастағы бала үш күннен бері табылмай жатыр

AstanaTV
31.03.2026ж. 19:00
Ақтөбе облысында он жастағы бала үш күннен бері табылмай жатыр

Ақтөбе облысында он жастағы жеткіншек үш күннен бері табылмай жатыр. Ауыл балалары өзен жағасына велосипедпен барып, ойнап жүрген. Сол сәтте он жастағы Мансұр Саматов абайсызда аяғы тайып, суға құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, өзен ағысы қатты болған. Қалған екі бала ауылға жүгіріп жетіп, хабар беріпті. Содан бері құтқарушылар күні-түні тоқтамай, баланы іздеп жатыр. Өзен бойында жедел штаб құрылды. Іздестіру жұмыстарына  жүзге жуық адам жұмылдырылған. 

БАҚЫТЖАН МҰЛҚАЕВ, САРЫЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ойынның балдары ғо, ойнап шыққан 3 жас бала. Жағада ойнаған, жүгірген, аяғы тайып кетіп, ағысқа кеткен. Қасындағы балдар жәрдем бергісі келген, балдардың аты балдар ғой, бірге оқитын сыныптастары. Пока олар ауылға барып көмек шақырам дегенше осындай қайғылы оқиға болып тұр. Жұмыс әлі жалғастырылады, пока біз ол баланың денесін тапқанша.