$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда кеше бірмезгілде 30 мыңға жуық халық жарықсыз қалды

Атырауда кеше бірмезгілде 30 мыңға жуық халық жарықсыз қалды

Атырауда кеше бірмезгілде 30 мыңға жуық халық жарықсыз қалды. 3300-дей заңды тұлға электр энергиясының өшуіне байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.  Бағдаршамдар өшіп, қалада қарбалас күшейді.  Алайда жауаптылар кінәні әлі бір-біріне сілтеп отыр.

Үп еткен жел мен тырс еткен тамшыға сөнетін жарық халықты әбден мезі еткен. Бірыңғай байланыс нөміріне мыңдаған адам қоңырау шалып, көмек сұрады. Тұрғындар қаладағы жағдайды апокалипсис деп атады. Алайда шаһар билігін бұл жайт еш алаңдатпаған секілді. Жағдайды халыққа түсінду үшін атқамінерлердің бірі де уақыт таппай, бас маманды жіберген. Қаладағы электр энергиясының өшу жағдайының 92 пайызы «Атырау-Жарық» мекемесіне тиелісілі электр желілерінде болды. Содықтан жауапкершілік соларда,- дейді ол.

АМАН ЛАТИПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Кешегі апатты орыналған жағдайлардың ескі аумақтардағы Атырау жарықтың теңеріміндегілер. Өзіміздің әкімдік тарапындағы әкімдікке тиесілі бөлімге қарасты желілерді күтіп ұстау үшін, яғни ақауларды мезгілімен жойып отыру үшін 350 млндай ақша бір жылдық бізге қарастырылған.

Атырау-Жарық мекемесінің бас инженерінің айтуынша, қаладағы электр желілеріндегі апат қолайсыз ауа райы мен тазаланбаған  трансформаторлардың салдарынан орын алды.  Әр мекеме жеке трансформаторын уақытылы тазаласа, мұндай жағдай орын алмас еді,- дейді монополист мекеме өкілі. Салдарынан кейбір ықшамауданда 7-10 сағатқа дейін жарық қосылмады.

ҚУАТ СИСЕНҒАЛИЕВ, «АТЫРАУ-ЖАРЫҚ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

Кешегіл лас жаңбырлы күн болғанда міндетті түрде әр өзінің теңгеріміндегі трансформаторды сүртіп тазалау жұмыстарын жүргізу керек еді. Сол жұмыстар нақты толықтай жүргізілген жоқ. Атырау Жарық өзінің трансорматорларын тазалады. ЖКХ трансформаторларын тазалады келісім шарт бойынша. Қалған қалған трансорматорлар біреуі тазалады, біреуі тазааған жоұ. Сол себептен олар қысқа тұйықталу болып, отключение пайда болды. апатты подключение.

8 апатты бригада тынымсыз жұмыс істеп, таңға таяу желілерді жалғап бітірген. Мамандардың айтуынша, қаладағы электр желісінің 67 пайыздан астамы әбден тозған.