Павлодарда әйелін өзенге батырып өлтірген қасқөй 15 жылға сотталды. Сұмдық оқиға осыдан 2 жыл бұрын болған. Күйеуінен мезі болған әйел онымен ажыраспақ болыпты. Алайда, әйелінің байлығына қызыққан ер адам онымен ажыраспау үшін оны өлтірудің жолын іздеген. Ақыры әйелін романтикалық кешке шақырып, Ертіс өзенінде қайықпен серуендеуге апарған. Қайыққа отырған оны өзеннің ортасына барғанда қайықты әдейі шайқап, оны өзенге құлатып жіберген. Суға батып бара жатқан әйелін құтқарудың орнына басынан басып, суға тұншықтарған. Осылайша ол әйелін абайсызда суға батып өлді деген қойылым қоймақшы болыпты. Бірақ, сотта оның бұл өтірігі әшкере болды. Ал әйелдің жеке меншігінде құны 125 млн. теңге тұратын коммерциялық кәсіпорыны болған. Мақсаты осы мекемеге ие болу болса керек. Ақыры түрмеден бір--ақ шықты.
АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сот К-ны кінәлі деп танып, оған Қылмыстық кодекстің 99- бабы 2-бөлігі 8 тармағы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.