$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Кей мамандықтар бойынша оқу мерзімі қысқарады

31.03.2026ж. 19:00
Кей мамандықтар бойынша оқу мерзімі қысқарады

Енді 4-5 жыл университетте оқудың қажеті жоқ. Аз уақыттың ішінде білім алып, маман атануға болады. Ғылым және жоғары білім министрлігі кейбір мамандықтар бойынша оқу мерзімін қысқартуды қарастырып жатыр. Бұдан бөлек, сапасыз университеттерді жаппай жабуға көшкен. Бүгінге дейін осыған қатысты 500-ден аса сот отырысы өтіп, 15 мекеме жұмысын аяқтаған.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Бұл процесс жалғасты. Мәселен, алдыңғы жылы Ақтөбеде Қазақстан-Ресей халықаралық университеті толықтай жабылды. Өздеріңізге мәлім, шусыз өтті. Акционерлермен келісіп, студенттерін басқа университеттерге жібердік. Атырауда бір университет жабылды.

Еліміз технологиялық жаңалықтарды жүзеге асыру жағынан әлемдік рейтингте 81-ші орында тұр. Саладағы қаржыландырудың аздығын, экожүйенін әлсіздігін ескерсек, бұл тәп-тәуір көрсеткіш дейді министр. Үкімет басшысы ғылымды қаржыландырып, оны дамыту ісін әлі де жетілдіру керегін айтты. Жауаптыларға бірнеше міндет жүктеді. Тіпті, бұдан былай, әкімдердің жұмысы ғылыммен бағалануы мүмкін.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет ғылым мен инновацияны дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етіп жатыр. Соңғы 6 жылда республикалық бюджеттен ғылымға бөлінетін қаржы 6 есе өсті. Өңірлік ғылымды дамыту үшін құқықтық және бюджеттік база құрылды. Ғылыми көрсеткіштер жетістігі аймақтарды дамыту жоспарына енгізілді.